Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, шаңғышы қаза тапты

Шымбұлақ маңында қар көшкіні жүріп, бір шаңғышы қаза тапты. Ақпаратты Алматының төтенше жағдайлар департаменті растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Сол жақ Талғар асуында болған. Үш шаңғышы рұқсат етілмеген жерде жүрген. Қар көшкінінен екеуі өз бетімен шығып үлгерген.
———————————————