СҚО-да күн жылынып, тасқыннан қауіп артты

Солтүстік Қазақстан облысында күн жылынып, тасқыннан қауіп артты. Жақын күндері ауа температурасы өңірде 9 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметінің мамандары соңғы дайындықты пысықтап, табиғи апат кезінде жұмыс істейтін техниканың әзірлігін тексерді. Материалдық базаны нығайту үшін, биыл бюджеттен 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Жексенбі күні құтқарушылар Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев, Уәлиханов және Тайынша ауданына көмекке аттанады.
МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Былтыр тасқын кезінде облыста бес мыңнан астам адам жұмыс істеді. Биыл қалай болатынын, уақыт көрсетеді. Дегенмен кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Республикалық, облыстық жәдел әрекет ету штабы жұмысын бастап кетті. Біз күндіз-түні мониторинг жасап отырмыз.
———————————————