Мемлекет кейбір салада бағаны реттеу жүйесін қайтаруы мүмкін

Мемлекет кейбір салада бағаны реттеу жүйесін қайтаруы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді. Бірінші кезекте, энергетикалық көмір нарығы талқыланды. Бұл бағытта бағаны қатаң бақылауға алу туралы мәлімдеме жасалды. Бәсекені дамыту мақсатында монополиялық компанияларды бақылауға алу да ұсынылды. Одан бөлек, ұжымдық шағымданушылар институтын енгізу жоспарда бар. Ахметов мырзаның айтуынша, бағаны реттеуді күшейту оның негізсіз өсуін алдын алады және тұтынушы құқығын қорғайды.
РУСТАМ АХМЕТОВ, БҚДА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Монополиялық нарықтарды бақылауға басты назар аударылады. Отын энергетика кешені, көлік және байланыс нарықтары. Мұнда монополиялық жоғары бағаны анықтау үшін тергеп, тексеруге шығаруды жеңілдетеміз. Нарыққа басқа да қатысушылардың бағасынан асып-тасу талабын жоямыз.
———————————————