Lexus автокөлігінің жүргізушісі ІІМ академиясының магистратурасынан шығарылды. Сондай-ақ құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Ішкі істер органдарынан босатылды. Қостанай – Әулиекөл автожолында заң бұзуға жол берген жүргізушінің ісіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді. Бұған дейін әлеуметтік желіде патрульдік қызметкерлер жылдамдықты асырғаны үшін Lexus жүргізушісін тоқтатып, көлік жүргізушісі полицейлерге агрессивті түрде жауап беріп, оның нөмірін «есте сақтап алу керегін» айтқан. Әрі ол осы салада 11 жылдық тәжірибесі барын айтып, көлігіне мініп, кетіп қалған. Ал полицей заң бұзған Lexus көлігіне айыппұл салмағаны үшін жұмыстан қуылған еді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.