Жамбыл облысында сапасыз жол үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды

Жамбыл облысында жол сапасы сын көтермейді. Осы олқылық үшін 4 ауыл әкімі мен жауапты мекеме басшысы жазаланды. 57 лауазымды тұлғаға 1,5 млн теңге айыппұл салынды. Құзырлы мекеме жасаған тексерістен кейін екі жарым мыңнан астам мін табылған. Асфальт шұрық тесік, жол белгісі жоқ, жол үстіндегі қар дұрыс тазартылмаған. Тізе берсе жетеді екен. Биыл жол инспекциясы қызметкерлері 5 мың шақырым көлік жолын тексерген. Енді жол жөндеу басшылары мен жергілікті атқарушы орган 600-ден астам ұйғарым бойынша кемшіліктің орнын толтыруға тиіс.
АЗАМАТ БАҚЫТҰЛЫ, ӘПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Жол жабындысында ойық, шұңқыр орын алғанға байланысты нұсқама беріледі. Оны орындау үшін 1 ай көлемінде уақыт береміз. Егер белгілі мекемемен ол нұсқама орындалмаған жағдайда полиция департаментіне жауап жолданады.
———————————————