Шерзат Полаттың ісі сотқа қашан жіберілетіні әзірге белгісіз

Шерзат Полаттың ісі сотқа қашан жіберілетіні әзірге белгісіз. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, заңға сәйкес 10 күннің ішінде қабылдануға тиіс. Бірақ бірнеше эпизодтық күрделі қылмыстық істе прокурорлар шешімді бір айға дейін шығара алады. Айта кетейік, қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр.
ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ, БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қылмыстық істі тергеу толығымен аяқталды. Айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша істі сотқа жіберу жөнінде шешім шығарылады.
———————————————