Спортшының тамағына телмірген. Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевқа үкім кесті. Ол 7 жылға сотталды. Футбол клубының директоры бюджетің 31 миллион 900 мың теңгесін жымқырған. Бұл ақша оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген екен. Қомақты қаржыны жас спортшылардың тамағынан жырып, пайдасына асырған директор келтірген залалын толық өтеді. Сонда да Дөңсебаевтың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.