Петропавлда қайтарылған актив есебінен балабақшаның құрылысы басталды

Петропавлда қайтарылған актив есебінен балабақшаның құрылысы басталды. 280 орындық бөбекжай үшін мемлекеттік қордан 2 миллиардтан астам теңге бөлінді. Қалаға кіре берістегі «Жас Өркен» шағын ауданында бой түземек. Себебі мұнда жеке үйлер жаппай сүріліп, орнына көпқабатты баспана салынған. Ал ата-аналар баласын қаланың басқа шетіне тасымалдауға мәжбүр. Қазірдің өзінде шаhарда екі жарым мыңға жуық бала кезекте тұр. Жалпы жемқорлардан тәркіленген ақшаға өңірде осымен екінші әлеуметтік нысан салынып жатыр. Былтыр күзде Тайынша ауданында мектеп пайдалануға берілді.
МАЙГҮЛ ЕЛЕМЕСОВА, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Балабақшаны осы жылдың аяғына дейін тапсыру жоспарланған. Құрылыс материалдарының барлығы – жергілікті қазақстандық өнімдер. Сонымен қатар 2 миллиардтың 360 миллионы балабақшаға арналған құрал-жабдықты сатып алуға бекітілді.
———————————————