Астанада жиһазға тапсырыс берген оншақты адам сан соғып қалды. Олардың арасында дүниесін екі жыл күтіп жүргендер бар. Ақшасының жартысын төлеп қойған тұрғындар полицияға шағымданды. Десе де зардап шеккендер тұтынушы құқығының толық қорғалмағанына қамығады.
Бұл – жиһазға тапсырыс беріп жер сипап қалған тұрғындар. «Жеке кәсіпкер еш күмән тудырмады. Үйге келіп, өлшемін жасап, соманың 50% алдын ала сұрап алды. Екі жақты келісімшартты көргенде сенбеген де қайтесің», — дейді.
СНХ. АҚМАРАЛ КҮЛЖАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Біз жеке кәсіпкер Әсел Баймұрзинадан зардап шеккен топтың мүшесіміз. Инстаграмда оның Хан Мебельқызы деген парақшасы бар. Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған. Әлі де белсенді жүргізіліп отыр. Еш күмән тудырмайды.
Жадыра Құсайынова жиһаз үшін бір миллиондай несие рәсімдеп қарызға батқан. Айтуынша, жеке кәсіпкер заңды айналып өтудің амалын біледі, сол себепті қорықпайды.
СНХ. ЖАДЫРА ҚҰСАЙЫНОВА – ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Мен арыз жазамын дегенде ол барлығын қалыпты қабылдады. Өзіне қалыпты жағдай сияқты және өзінің ары қарай жазаға тартылмайтынын да түсініп отырды.
Аталған кәсіпкердің үстінен 11 адам арыз жазған. Прокуратураға шағымданған соң, полиция арызды қабылдап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда алты ай өтсе де, тергеу жылжымай тұр.
ИНЗИЛЯ ГАЛИМОВА, ЗАҢГЕР:
— Алаяқтар заңның әлсіз тұстарын зерттеп, біліп алған. Бұл мәселені шешу үшін заңға өзгерістер енгізу қажет. Біз заңгерлермен бірігіп алаяқтарға қарсы арнайы түрлі әдіс ұсынамыз. Оның ішінде атқарушылық жазба, шотын бұғаттау, елден шығуға тыйым салу, сот шешімімен полицияға барып қылмыстық іс қозғау сияқты шаралар бар.
«Заңгерлер осылай сан соғып қалмас үшін міндетті түрде жеке кәсіпкерді тексеріп алу қажет», — дейді.
НҰРГҮЛ МӘЛІК, ЗАҢГЕР:
— ҚР Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің платформасы бар. Сол платформада жеке тұлғаның, яғни кәсіпкердің не заңды тұлғаның борышкерлер тізімінде бар ма, жоқ па тексеруге болады. Жеке тұлғаның арнайы ЖСН базаға енгізсеңіз, нақты ақпарат беріледі.
МАҒЖАН ҮЙСІНБАЙ – ТІЛШІ:
— Мұндай жағдайда қол қусырып отыруға болмайды. Сол кәсіпкерге алданған басқа да азаматтарды тауып, бірге шағымдану керек. Заңгерлердің айтуынша, ұжымдық шағым түскенде құзырлы органдар қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғайды. Яғни іс алаяқтық деп қаралып, салған ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі артады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.