Депутат тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды ұсынды

Елімізде тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды. Қазақстан аумағының шамамен 70% табиғи апат қаупіне ұшыраған. Ал 40% сейсмикалық қауіпті аймақ қатарында. Сондықтан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деп, Премьер-министр мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауал жолдады. Депутат былтыр су тасқыны кезінде жылжымайтын мүлікті сақтандырмау салдарынан бюджетке үлкен салмақ түскенін айтты.
———————————————