Астанада «Көктем 2025» оқу-жаттығу жиыны басталды

Астанада су тасқыны мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Көктем 2025» оқу-жаттығу жиыны басталды. Іс-шара қауіпті аймақтар тізіміне кірген Үркер тұрғын алабында өтті.
МАҒЖАН ҮЙСІНБАЙ – ТІЛШІ:
— Өткен жылдан сабақ алсақ керек. «Көктем 2025» оқу-жаттығу жиынында қажет техника сайланып, құтқарушылар төтенше жағдайға дайындығын барынша пысықтап жатыр. Жергілікті атқарушы органдары өзара үйлесім тауып, қауіпсіздікке аса мән берілген.
Оқу-жаттығу Үркер тұрғын алабында бекер өтіп жатқан. Дәл осы елді мекен жыл сайын қарғын судан зардап шегеді. Іс-шараға 205 маман, 42 түрлі инженерлік және бір авиациялық техника жұмылдырылды.
БЕКБОЛАТ ОРАЗХАНҰЛЫ, ТЖД БАС МАМАНЫ:
— Жаттығуға көбіне жаңа техника тұрғызылды. Яғни жолда қалмайтын көліктер. Мына камаз базасындағы адамдарды құтқару көліктері. Одан кейін көбі – трикол, мотоцикл, квадратцикл базасындағы көліктер.
Жаттығуға жиналған құтқарушылардың жұмысы қауырт. Олар сірескен арықты аршып, қалың қарды шығарды. Құм толы қапты тасып, қызыл су жайылуы мүмкін аумаққа бөгет тұрғызды.
РЕНАТ СМАҒҰЛОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қала әкімдігінің қаулысы бойынша бүгінгі таңда халықты қабылдайтын 16 эвакуациялау пункті бар. Қазір біз бірінші пунктеміз. Мұнда 100-150 адам жайғасады. Орын жетпей жатса мәжіліс залын да пайдалануға болады. Бұл жерде халыққа бар қолдау көрсетіледі. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек тарату және психологтың көмегі де қарастырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су басу қаупі бар аймақта 1 223 елдімекен орналасқан. Қазір 1400 өңір қатаң бақылауға алынып, тасқынға қарсы шаралар атқарылып жатыр.
———————————————