Алматылық оқушыларға апта сайын сейсмикалық қауіпсіздік сабағы өткізіледі

Сақтықта қорлық жоқ. Алматылық оқушыларға жер сілкінісі кезіндегі сақтық шарасы түсіндіріліп, апта сайын сейсмикалық қауіпсіздік сабағы өткізіледі. Ол үшін арнайы мектеп бағдарламасы да әзірленді. Былтыр 1,5 мың балабақша тәрбиешісі мен мектеп мұғалімі сейсмикалық қауіпсіздік бойынша білімін жетілдірген. Бұдан бөлек, сала мамандары әр тоқсан сайын тұрғындар арасында сейсмо-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
———————————————