«Елімізде биылғы көктем әдеттегіден жылы болады», — дейді синоптиктер. Көктем күліп келгенімен, солтүстік өңірде әлсін-әлсін қар жауып, боран соғып тұр. Сондықтан Арқада күн жылынды деуге әлі ерте. Осы көктемде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бірақ арагідік суық және үсік болуы мүмкін. Өтпелі маусымда ауа райы әдетте тұрақсыз болады. Сондықтан температура кенет құбылып, ауа райы жиі «тосынсый» жасауы мүмкін. «Әсіресе солтүстік өңірлерде қар жауып, боран соғады», — дейді ауа райын болжаушылар. Ал еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын қалыпты мөлшерде болады.
ЫРЫСКҮЛ КЕҢШІЛІК, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
— Дүниежүзілік әйелдер күні қарсаңында ауа райы Қазақстан тұрғындарын қуантуға шешім қабылдағандай. Алдағы үш күнде солтүстік батыс циклондары сериясы еліміздің барлық аумағында ауа райын қалыптастырады. Олар солтүстік аймақтарда ауаның температурасының көтерілуіне, жаңбыр мен қар түріндегі жауын шашынмен, сондай-ақ екпінді желмен бірге келетініне қарамастан әлсіз температура онша сезілмейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.