17 жастағы студентті өлтірген жігіт 9 жылға сотталды | 06.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

СНЭК СЫРЫ – ЭКСКЛЮЗИВ
Снэктің сыры белгілі болды. Ақтөбелік оқушылар уланған Қытай тәттісі еліміздегі 24 дүкеннен тәркіледі. Жеткізумен айналысқан 2 тасымалдаушы ұсталды.

ҮКІМ КЕСІЛДІ
Қарағанды облысы Доскей ауылындағы Диас Кейкеновтің өліміне қатысты сот үкім кесті. Төбелесті тоқтату үшін араша түскен студентті пышақтаған айыпты 9 жылға сотталды.

ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВ
Жемқорлардан қайтарылған қаражат ел игілігіне жұмсалды. Петропавлда 2 млрд теңгеге 280 орындық су жаңа балабақшаның құрлысы басталды.

ЖИҺАЗ ДА, АҚША ДА ЖОҚ
Жиһаз да, ақша да жоқ. Астанада он шақты адам жиһазға тапсырыс беріп, миллиондаған ақшасынан айрылды. Тұтынушы құқығын кім қорғайды?

АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛДЫ
Боран, көктайғақ, тұман. 17 өңірде ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды. Біраз аймақта қар жауып, боран соғып жатыр.
———————————————