Кореяға виза алып беремін деп сан соқтырды

Кореяға виза алып беремін деп сан соқтырды. Түркістан облысында алаяқ 23 адамның ақшасын жымқырған. Ол 2023-2024 жылдары Кореяға жұмыс визасын жасап беруге уәде берген. Алаяқ өзіне сенген жандардан бас-аяғы 92 млн теңге алған. Жәбірленушінің басым бөлігі – Мақтаарал ауданының тұрғындары. Қаржыны жымқырған азамат шығынды ішінара өтегенін және жасөспірім баласы барын ескере отырып, сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

АҚБҰЛАН ӘЛЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТЫ ҚОЛДАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Кінәлі 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап-арызы толық қанағаттандырылды.
———————————————