Шығыс Қазақстан облысындағы аграрлы Самар ауданында ауыл еңбеккерлерін даярлау қолға алынды. Өйткені өңірде ауыл шаруашылығы техникасының тілін білетін маман тапшы. Мұнда 38 кәсіби білім беретін оқу орнында 20 мыңға жуық оқушы техникалық білім алып жатыр. Соның өзінде механизатор, слесарь жетіспейді. Сондықтан оқу орындары оқушы санын көбейтіп, жаңа мамандықтар бойынша басқа да бөлімдер ашуды көздеп отыр. Яғни колледжде оқитындар ауыл шаруашылығымен қатар құрылыс, әуе және су техникасын да меңгереді.
РАМИЛЬ ЯГУДИН, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:
— Бізде 8 механизатор жұмыс істейді. Егіс науқаны уақытында жүргізіп, астықты ысырапсыз жинап алу үшін 20 механизатор қажет. Жұмыс қолы ғана емес, техника тілін білетін адам таппай, осы колледждерден 4 маман жұмысқа алдық. Мұндай дайын маман қашан да керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.