Музыкаға деген құштарлық – оны үлкен сахнаға жетелеп, өмірін өнермен өрнектеді. Павлодарлық Екатерина Петренко Джаз оркестрі құрамында кернейші болып, көрерменді талантымен қуантып жүр. Бұрын негізінен мұндай оркестр ер азаматтардан ғана құралатын. Алайда кейіпкеріміз көптің санасына сіңген стереоптипті бұзды. Осылайша, нәзік жан 20 жылдан бері ерлермен бірге бір сахнада өнер көрсетіп, ұжымның ажырамас бөлігіне айналды. Айтуынша бала кезінде дәрігер болуды армандаған. Бірақ аккордеон сыныбында оқып музыка әлемімен танысқан соң, шығармашылық жолды таңдаған. Музыканттың өмірі үнемі гастрольдік сапарлармен өтеді. Тіпті 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесін өнерпаз жұмыста қарсы алады.
ЕКАТЕРИНА ПЕТРЕНКО, КЕРНЕЙШІ:
– Сахнаға шығу – үлкен қуаныш. Көрерменге көтеріңкі көңіл -күй сыйлаймыз. Ал мен одан ләззат аламын. Сондықтан кез-келген мейрамда халық алдында өнер көрсету – мен үшін бақыт.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.