Дәл қазір ел ішінде, жалпы әлемде гүл саудасы қызып тұр. Әйелдер қауымын қуантуға асыққан ер адамдар гүл дүкендерін жағалап, қыз-келіншектердің құшағы нәзік гүлге толып жатыр. Былтыр елімізге сырттан 12 мың тоннадан астам гүл жеткізілген. Оған 93 млн-нан артық доллар жұмсалыпты. Елімізге негізінен Эквадор, Нидерланды, Қытай, Колумбия және Кениядан сан түрлі гүл импортталады. Соңғы жылдары қазақстандық бағбандар да қызғалдақтың отыз шақты түрін жылыжайда өсіріп, көктем мерекесі қарсаңында сауда көркін қыздырып жүр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.