Астанада боччадан республикалық турнир өтіп жатыр

Астанада боччадан ашық республикалық турнир өтіп жатыр. Сайыс осы спорт түрінен еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды. Ол боччаны Қазақстанда алғаш насихаттап, оның дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Бочча – тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге арналған паралимпиадалық спорт. Зейінді, дәлдікті, ептілікті шыңдайтын ойын елімізде кеңінен қанат жайып барады. «Биыл чемпионатқа 14 өңірден 130 параспортшы келді. Бұл былтырғыдан екі есе көп», — дейді федерация өкілдері. Сайыс 10 наурызға дейін созылады.

НҰРГҮЛ ҰЛЖЕКОВА, БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:
— Қазақстанға бочча – өте жаңа паралимпиадалық спорт түрі. Еліміздің 15 облысында жеке облыстық федерация құрылған. Келесі паралимпиадалық ойындар 2028 жылы Лос-Анжелесте өтеді. Енді соған дайындалып жатырмыз.
———————————————