Теміртау – Қарағанды тасжолында 15 көлік соқтығысты

Теміртау – Қарағанды тасжолында бір кеште 15 көлік соқтығысты. Оқиға үш жерде болған. Зардап шеккендер жоқ. Олар бір тасжолдың бойында келе жатқанымен әртүрлі учаскеде апатқа ұшыраған. Біреуінде 7, екіншісінде 5, үшіншісінде 3 көлік бір біріне соғылған. Полицияның хабарлауынша, көлік жүргізушілері жылдамдықты асырып, арақашықтықты сақтамаған. Оның үстіне қарлы бораннан жол жақсы көрінбеген.

Бүгін екінші күн өңірде ауа райы күрт бұзылып, дауылды ескерту жарияланды. Бірақ жүргізушілер ескертуді елемей, алыс жолға бет алыпты. Бұл жағдай республикада осымен бірнеше рет қайталанып отыр. Ақпандағы ақ түтек боранда Астана – Щучье тасжолында 95 көлік соғылып, 11 адам түрлі дене жарақатын алған. Одан соң Балқаш маңында 20 көлік апатқа ұшырады.
———————————————