Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% дейін көтерді. «Бұл шешімді қабылдарда нақты дерек сарапталып, мамандар болжамы мен инфляциялық тәуекел тепе-теңдігі ескерілді»,- деді брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов. Төрағаның айтуынша, тұтынушылық кредит және бюджет шығыстарының артуы салдарынан ішкі сұраныс күшейген. Жылдық инфляция ақпанда 9,4% дейін өсті. Барлық салада бағаның өсу қарқыны жеделдеген. Сондай-ақ Ресейде инфляция қарқын алғандықтан, сыртқы сектордың бағаға әсері күшейген. Жалпы бағаның жаһандық өсуі байқалады. Міне, базалық мөлшерлемені көтеруге осы секілді себептер түрткі болған.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
— Соңғы айларда инфляциялық қысым күшейді. Бағалар жедел қарқынмен өсуде. Әсіресе қызметтер бөлігінде инфляция жоғары. Тұтынушылық кредит және бюджет шығыстарының артуы салдрынан ішкі сұраныс жоғары болып қалуда.
———————————————