Әуежайда қызметкер кепілге алынды | 07.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

МҰСАНЫҢ ЕРЛІГІ
Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған қауіптіні тізе бүктірген Мұса мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Оқиғадан құлағдар болған Президент қарапайым тұрғынның ерлігіне алғыс білдірді. Ал елді дүрліктірген күдіктіні қандай жаза күтіп тұр?

ҰЛТТЫҚ БАНК МӘЛІМДЕМЕСІ
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% көтерді. Өйткені ақпанда ел бойынша жылдық инфляция өсімі артқан. Бұл несие және депозит саясатына қаншалықты әсер етеді?

АЛАЯҚ СОТТАЛДЫ
Алаяқ сотталды. «Кореяға жұмыс визасын жасап беремін» деп 23 адамның 92 млн теңгесін қалтасына басқан күдіктіге сот 6 жыл жаза кесті.

ҚАРУЛЫ АРУЛАР
Білегі мен рухы мықты қаракөздің нысанадан мүлт кетуге құқы жоқ. Сырбойылық марафоншы әрі мерген арулар байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап келеді. Олар кімдер?

АҚЫЛДЫЛАР АЛАМАНЫ
Алматыда әйелдер арасында шахмат турнирі өтіп жатыр. Бұл жай спорттық жарыс емес, нағыз парасат майданы, өнер додасына айналды.
———————————————