Алматы қаласының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оқиға кеше түнде болған. Екі балдық жер асты дүмпуі Жаркент қаласында сезілген. Жер сілкінісінің эпицентрі қазақ-қытай шекарасында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырымда болған. Бұл таулы аймақта орналасқан Шыжын ауылынан 15 шақырымдай жер. Дүмпуден мал жан аман.
АЗАМАТ ЖҰРТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:
— Жетісу облысының ТЖД ақпарат алғаннан кейін Панфилов ауданының жергілікті атқарушы органдарын, полиция департаментін, прокуратураны, Қазселден қорғау және тағы басқа мекемелерді хабардар етті. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.