Шымбұлақта үш шаңғышының кесірінен қар көшкіні жүрді. Олар тыйым салынған белгілерді елемей, қауіпсіз аймақтан шығып, қар беткейін кесіп өткен. Салдарынан көлемі 3500 текше метр қар көшкіні болды. Оқиға орнына тиісті мамандар шұғыл жетті. Зардап шеккендер жоқ. Жалпы шипажай қызметі 7 және 9 наурызда жауған жауын-шашыннан кейін төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, тыйым салынған аймақтарды белгілеп, бекет қойған.
АНДРЕЙ ШУБКОВ, ШИПАЖАЙ ӨКІЛІ:
— Қазір шипажайдың барлық қызметі күшейтілген бақылау режиміне көшті. Қар көшкініне себепкер болған үш шаңғышының екеуі табылды. Оларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.