Астаналық оқушы ұялы телефонды қуаттайтын құрылғы ойлап тапты @TheSevenNews​

Астанада мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы ұялы телефонды қуаттайтын құрылғы ойлап тапты. Қуаткөзі ретінде күн сәулесі батареясы пайдаланылады. Жас өнертапқыш жасыл энергетикаға негізделген құрылғыны бүгінде өз қажетіне жаратып жүр. Дарынды баланың тағы қандай ғылыми жобалары бар? Болашақта қандай жаңалық енгізбек?
ИБРАГИМ СҰЛТАН, ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ:
— Мысалы, қазір телефондар тез қызып кетеді, сол кезде телефонды былай суытса болады. Екі USB арқылы қасымдағы екі досым зарядтайды. Күннен зарядталады. Жасыл жанып тұр. Екі батарейкаға барады. Екі батарейкадан кейін телефонды зарядтайды. Тоқ болмай қалған кезде, машинаны айдаған кезде батарейканы зарядтау керек болады, сол кезде осы USB арқылы зарядтаймын.
ҚАНАТ АЙБЕКОВ, МҰҒАЛІМ:
— Ибрагим – өте еңбекқөор бала, бала күніндегі арманын айтып, 7-сыныптан бері үйірмеге қатысып келеді. Инженер болғысы келеді. Соған қол ұшын беріп, жетекшілік етіп, біраз нәрселерді көрсетіп, үйретіп жүрмін. Үйірмедегі оқушылармен біраз жоба жасадық. Өзінің жасаймын деген затын бірден істегісі кеп тұрады. Еңбекқорлығының арқасында осындай жобалар жасап, біраз жетістікке жетіп жатыр. Түрлі жарыстан орын алып келді. Былтыр ракета, әуе кеме модульдерін жасаудан 1-орын алды. Болашақта жақсы маман иесі болатынына сенемін.
СЕЙІЛБЕК ҚОРҒАНБЕК, ОҚУШЫ:
— Ибрагиммен Таразға, Өскеменге жарысқа бірге бардық. Сол жақта бәріне көсектесіп, білмейтін заттарымызды көрсетті. Мінезі ашық, тұйық емес. Өте жақсы бала.
ИБРАГИМ СҰЛТАН, ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ:
— Болашақта инженер болғым келеді. Инженер болып, Қазақстанды дамытып, көлік шығарғым келеді. Қазақстанның мықты, ең бай елдер қатарына кіруіне өз үлесімді қоссам деймін. Әскери техника шығарғым келеді.
———————————————