LRT вагондары 3D форматта таныстырылды @TheSevenNews​

Биыл күзде іске қосу жоспарланып отырған LRT вагондарын CTS компаниясы 3D форматта таныстырды. Төрт секциялы құрам толық жүктелгенде 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады. Транспорттың ең жоғары жылдамдығы – сағатына 80 шақырым. Толық автоматтандырылған және операторлардың тұрақты бақылауымен жүргізілетін пилотсыз басқару жүйесі болады. Қазір алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақ басталады.
———————————————