Ақтөбеде мектепке барар жолда 1-сынып оқушысы қайтыс болды. Бала үйден шыға бергенде, оған ит секірген. «Қатты қорыққаннан баланың жүрегі жарылып кеткен болуы мүмкін», — дейді әкесі. Полиция оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгісі болмағанын хабарлады. Дегенмен нақты себебі сот сараптамасынан кейін белгілі болады. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы ажалдан арашалап қалу үшін жарты сағат күрескен.
БҰЛБҰЛ КҮЗЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта бала иттердің шабуылының құрбаны болды деген түрлі қауесет таралып жатыр. Бұл мәліметтер жоққа шығарылды. Полицияның мәліметінше, баланың денесінде жарақат белгілері табылған жоқ. Сараптама тағайындалды. Білім беру мекемесінің барлық ішкі ережесінде ата-аналар бастауыш сынып балаларын мектепке апарып, алып келуі керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.