Шерзат Полат ісі: күдіктілерге туған күн тойлауға жол берген полицейлер сотталуы мүмкін

Шерзат Полат ісі бойынша қамауға алынғандардың уақытша ұстау изоляторында туған күн тойлауына жол берген полицейлер 3,9 млн теңге айыппұл төлеп, бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Немесе 400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Алматы облысының прокуратурасы осылай деді.
18 ақпанда «Немқұрайлылық» бабы бойынша соталды тергеу басталды. Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі күдіктілерге қатысты видеодан кейін кінәлілер қызметтен қуылғанын мәлімдеді.
———————————————