Ақтөбеде бассейн жұмысшысының салғырттығынан спорт мектебі уақытша жабылды. Ер кісі хлорланған су мен pH химиялық реагентін шатастырып алған. Салдарынан өзі уланып ауруханаға түскен. Ал сол уақытта бассейнде болған балалар, жаттықтырушылар мен басқа да жұмысшылар – бас-аяғы 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кетейік, облыстық балалар мен жасөспірімдер жүзу спорт мектебінің ашылғанына небәрі 1 ай болған. Енді спорт мектебі су мен ауа сынамаларының қорытындысы шыққан соң ашылады. Ал химиялық реагенттерді шатастырып алған ер кісі қазір үйінде ем қабылдап жатыр. Ол жасөспірімдер спорт мектебінде 7 жылдан бері жұмыс істейді.
ШЫҢҒЫС ШОҚПЫТОВ, ДШС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Санитарлық эпидемиологиялық мамандар мекемені тексеріп жатыр. Нәтижелер анықталған бойда спорт мектебі бірден жұмысқа кіріседі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.