2 жасар бүлдіршіннің асқазанынан 105 магнит моншақ шықты

Қауіпті ойыншық. Алматылық ақ халаттылар магнит моншақтарын жұтып қойған 2 жасар бүлдіршінді аман алып қалды. Осыдан бір апта бұрын балғын жедел жәрдем орталығына түскен. Дәрігерлер шұғыл операция жасап, оның асқазанынан 105 магниттік моншақ шығарды. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы. Жалпы жылына 400-дей бала дәрігер көмегіне жүгінеді. Көп жағдайда бүлдіршіндер тиын, магниттік ойыншықтар, тіпті инеге дейін жұтып қояды.
МЕЙІРЖАН ҚҰРМАНАЛИЕВ, БШМЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Эндоскпопиялық әдіспен асқазандағы бөгде заттар алынды. Оның мүмкіндігі шектеулі болды. Сосын біз асқазанды кесу арқылы бөгде затты алдық. Қазір жағдайы жақсы, үйіне шығарылды. Тамақтарын қорытып жатыр.
———————————————