Декретке миллионмен шыққысы келген 113 әйел сотталуы мүмкін

Табысын артық көрсетіп, декретке миллионмен шыққысы келген 113 әйел сотталуы мүмкін. Олар мемлекетке 158,4 млн теңге залал келтірген. Осы деректерге қатысты 16 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ал 1,5 мыңға жуық келіншек табысын артық көрсеткенін мойындап, сақтандыру қорындағы 3,4 млрд теңгені үнемдеген. Қазір министрлік осы бағыттағы заңға бірқатар өзгеріс пакетін әзірлегені белгілі болды.
———————————————