Жалпы жыл басынан бері елімізде ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері мен мүшелерінің үстінен 25 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде шетелде аса ауыр қылмыс жасаған криминалды топ өкілдері де бар. Ал трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты төрт іс қозғалды. Қазір осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰҚҚК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
— Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.