Қазақстаннан Қырғызстанға 500 тонна АИ-92 бензинін алып бара жатқандар ұсталды

Сегіз цистерна жанармай. Қазақстаннан Қырғызстанға 500 тонна АИ-92 бензинін алып бара жатқандар ұсталды. Күдіктілер бір жыл ішінде 15,5 млрд теңгенің 102 мың тоннадан астам мұнайын экспорттаған. Олар көбінде жанармайды еріткіш ретінде рәсімдеп, жалған құжатпен өткізіп отырған. Осы қылмысқа қатысы бар тағы үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды.
———————————————