Кеше Ақтауда қатты боран соғып, әуежай уақытша қызметін тоқтатты. Әуежай жолында 200-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды. Оларды құтқарушылар эвакуациялады. Казгидромет мамандарының хабарлауынша, қалада осы айда 46 мм қар түскен. Ал бір айлық норма – 12 мм. Жолдағы көктайғаққа байланысты республикалық маңызды жолдар жабылып, облыс орталығынан көлікпен шығуға тыйым салынды. Бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыды. Ал ұшақтар бүгін түстен кейін ғана ұша бастады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.