Астанада бір жыл бойы жол ережесін бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды

Астанада бір жыл бойы жол ережесін бұзбаған көлік жүргізушілері марапатталды. Сондай-ақ тәртіпті жол қозғалысының қатысушыларына бір жылға арналған сақтандыру полисінің сертификаттары табысталды. Бұл бастаманы «SERGEK GROUP» компаниясының бас директоры Евгений Ким көтерген. Оның пайымынша, жол қауіпсіздігін арттыру үшін халықаралық тәжірибені қолдану – жүргізушілерді тек айыппұлмен жазалау ғана емес, қауіпсіз көлік жүргізгені үшін ынталандыру қажет.
ЕВГЕНИЙ КИМ, SERGEK GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Иә, қазіргі уақытта біз бұл бастаманы жалғастыру үшін басқа қалаларда сараптама жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл акция бірреттік емес және Астанамен шектелмейді. Алдағы уақытта біз жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді марапаттауды жалғастырамыз.
———————————————