«Жетінші арна» түріктің «Великолепный век. Империя Кёсем» сериалын көрерменге ұсынады

Жуырда «Жетінші арна» көрерменіне Түркияның «Великолепный век. Империя Кёсем» тарихи телехикаясы орыс тілінде жол тартпақ. Оқиға желісіне Осман Империясының тарихында өмір сүрген ең беделді әйел Көсем сұлтанның өмір жолы негіз болады.
Сериал сюжеті XVII ғасырда өмір сүрген Осман Империясының сұлтаны Махпейкер Көсемнің өмірі жайлы. Сонымен қатар жас сұлтандардың ескі дәстүрге қарсылығы, енгізген тарихи реформалары қамтылған.
ӘДІЛ ҰММАТ – ПРОМО-ПРОДЮСЕР:
— Көсем көбіне саяси күрес туралы. Таққа талас, ішкі және сыртқы саяси қақтығыстар, қастандық және махаббатты баяндайды.
Сериал – Түркия телевизиясындағы ең қымбат жобалардың бірі. Туынды шықпай жатып 80-ге жуық ел оның көрсетіліміне тапсырыс берген. Көрерменнің көңілінен шығып, жоғары рейтингіге ие болған.
КЕНЖЕМҰРАТ МОЛДАНҰЛЫ, ДУБЛЯЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Көсемнің бұрынғы Хюремнен айырмашылығы – күйеуінен жастай жесір қалып, жас баланың жанында таққа отырғаны. Мемлекетті өзі басқарады, кейін қуылып кетеді. Одан қайтып келеді. Көсемнің өмірі осындай үлкен шайқаспен өтеді. Сөйтіп жүріп Империяның бірегейлігін сақтап қалуға атсалысқан үлкен, жан-жақты, күрделі тұлға.
Көсем сұлтанның шын есімі – Анастасия. Ол Кефалония аралында дүниеге келген. 15 жасында оны босниялық санжақ бей сатып алып, Константинопольге жіберген. Осман жеріне күң боп келіп, билікке қол жеткізген грек қызының шытырманға толы өмір жолын біздің арнамыздан тамашалай аласыздар.
———————————————