Ақтөбеде 1-сынып оқушысының өліміне ит себеп болуы мүмкін | 28.02.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЗАҢСЫЗ БЕНЗИН
Сегіз цистерна жанармай. Қазақстаннан Қырғызстанға 500 тонна АИ-92 бензинін алып бара жатқандар ұсталды. Ұрылар бір жыл ішінде 15,5 млрд теңгенің 102 мың тоннадан астам мұнайын экспортаған.

УЛАЙ ЖАЗДАДЫ
Ақтөбедегі жүзу мектебінде төтенше жағдай. Өткір иіс салдарынан 20 бала шұғыл эвакуацияланды. Мектеп жұмысшысы суды тазартатын сұйықтықты химиялық қоспамен шатастырып алған. Өзі ауруханаға түсті.

БУЛЛИНГПЕН КҮРЕС
Петропавл мектептерінде тәртібі нашар оқушыны анықтайтын жүйе іске қосылды. Ол жасанды интеллект көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені өңірде жасөспірімдер арасында буллинг жиілеген.

ҚАРДЫҢ КЕСІРІ
Ақтау омбы қардың ортасында қалды. Үздіксіз жауған ақ ұлпа жүріп-тұруды қиындатты. Коммуналдық қызмет қаланы тазартып үлгермей, әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр.

ЕРТЕҢ РАМАЗАН
Ертең Рамазан айы басталады. 30 күн оразада берілетін пітір-садақа мөлшері адам басына – 655 теңге. Ал Қадір түні қашан? Мүфтияттың кеңесіне құлақ түреміз.
———————————————