ТЖМ мәлімдеуінше, биылғы жылыту маусымында елімізде 29 адам қайтыс болып, 96 адам жарақат алды. Жыл сайын мамандар жылыту кезеңінде үй-жайларды аралап, өрттің алдын алу мақсатында халықпен профилактикалық жұмыс өткізеді. Биыл іс-шара барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды. 580 мыңға жуық адамға нұсқау берілді. Республика бойынша өткен жылдың 1 маусымынан бері өртке қарсы 33 293 автономды датчик орнатылды.
ЕРБАҒЛАН ПОЛАТОВ, ТЖД АҒА ИНЖЕНЕРІ:
— Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бізде әкімдіктің атынан улы газдан қорғайты датчиктер орнатамыз. Жалпы бізде 739 датчик қазіргі уақытқа дейін орнатылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.