2 млрд теңгені жымқырды: Астананың сот-сараптама қызметкерлері тұтқындалды

Жабдық құнын 3 есе артық көрсетіп, 2 миллиард ақша жымқырған сот-сараптама орталығының лауазымды тұлғалары ұсталды. Мемлекеттік сатып алу байқауы жарияланбастан тек өздері білетін компанияның жабдықтарын ұсынған. Жалпы құны 148 миллион теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астанадағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктері тәркіленді. Банк шотындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның қаражаты бұғатталды. Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады.
———————————————