Алюминий зауытын 30 млн шығынға ұшыратқан металл ұрлау схемасын анықталды

Павлодар облысында Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлаумен айналысқан топ ұсталды. Қылмыс жасаған кәсіпорынның өз қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер металдың кезекті партиясын шығарып жатқан кезде қолға түскен. Сөз байласып, келісілген тізбекпен әрекет еткен топ өндірістік нысанға 30 миллион теңге шығын келтірген.
Өз мүлкін өзі ұрлаған тек павлодарлық кәсіпорын емес екен. Ұлытау облысында Кен өндіру кешені жұмысшыларынан құралған 2 топ жалған құжат арқылы түрлі-түсті металды кәсіпорын аумағынан шығарып отырған. Ұрлық жасауға мекеменің басшылық құрамының да қатысы анықталып жатыр. Ірі өнеркәсіп объектілерінде ұйымдасқан қылмыстық топтың криминалдық әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында болмақ.
———————————————