Астанадағы шолу дөңгелегі көңіл-көтеретін аттракцион ғана емес, енді бұзақылардың суреті көрсетілетін орын болмақ. Ел мүлкін бүлдірушілерді ел алыстан танитын болады. Өйткені шолу дөңгелегінің биіктігі – 65 метр. Қалалық әкімдікпен құқық қорғаушылар бірлесе кіріскен бұл әдіс вандалдардың жолын кеспек. Себебі жыл басынан бері 25 адам вандализм үшін жауапқа тартылды. Олардың 11-іне айыппұл салынса, 14-і әкімшілік қамауға алынған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.