Қаржы министрлігіне қосымша құзірет жүктелді

Қаржы министрлігіне қосымша құзірет жүктелді. Енді департаментке квазимемлекеттік компанияларды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезіндегі бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы берілді. Заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша енгізілді. Өйткені бұрын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте сәйкес норма болмаған және құқықбұзушылықтар үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерін жауапкершілікке тарту мүмкін емес еді. Енді Қаржы министрлігі сатып алулардағы заңбұзушылықтарға жедел ден қоюға және жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша оларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі бар.
———————————————