Ақтөбе облысының Шұбаршы ауылындағы «Мәтжан» шаруа қожалығы карантинге жабылды. Ірі қарадан қарасан ауруы табылды. Қожалық иесі ветеринарларға хабар берген кезде төрт малы өліп үлгерген. Шаруашылықта 240 сиыр мен 600 қой, 10 шақты жылқысы бар. Малдың жаппай қырылуын болдырмау үшін ветеринариялық қызмет малға вакцинация және үй-жайларды дезинфекциялады. Эмфизематозды карбункул ауруы жұққаннан кейін, мал 1-2 күнде өледі.
БЕРДІМҰРАТ БЕКЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Оның бәрі біздің ветериар мамандардың бақылауында. Қазір карантин жарияланды. Енді бұл ережеге сай, 14 күннен кейін соңғы қорытынды дизенфекция жасалғаннан кейін ашылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.