Ақтөбе және облыстың бес ауданына тасқын судан қауіп төніп тұр

Ақтөбе және облыстың бес ауданына тасқын судан қауіп төніп тұр. Аймақта топырақтың қату деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге асып тұр. Шығынның алдын алу мақсатында жеке құрамның 2,5 мың адамы, 900-ге жуық техника дайын тұр. Сондай-ақ 35 мың адамды қабылдай алатын уақытша орналастыру пункттері әзірленген. Көршілес Қызылорда және Маңғыстау облыстарының төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне иек артылады.
———————————————