Қарағанды облысындағы қарғын су арыққа құйылады

Қарағанды облысында су тасқынына дайындық пысықталды. Синоптиктер мен құтқарушылар жер тоңын өлшеп, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына кірісті. Қауіпті аймақта облыс орталығы мен 150 елді мекен бар. Қарағанды қаласында Оңтүстік-шығыс ауданы ерекше бақылауға алынды. Жазық далада еріген жер тоңынан жыл сайын аудан тұрғындары белден су кешеді. Тасқын су үй алаңдарына жетіп, тұрғын үйлердің жертөлелеріне өтеді. Биыл мамандар жазық далада арық қазып, табиғи апатқа төтеп бермек. Оның ұзындығы – 2 шақырым, ал тереңдігі – 5 метр. Әкімдік бұл әдістің нәтижелі болатынына сенеді.
ГРИГОРИЙ БОТНАРЬ, ТҮКШ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Арықтың кейбір жері 9 метр тереңдікке дейін қазылған. Бұл жерде диаметрі 1200 метр су жүргізу құбырлары орнатылады. Былтырдан бері кідіріссіз жұмысты істеп жатырмыз. Наурыздың 10-ы барлығы дайын болады.
———————————————