Солтүстікқазақстандық нейрохирургтар алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқасқа күрделі операция жасады. 45 жастағы әйел 5 жылдан астам уақыт ауырған. Кейінгі кезде дәрі-дәрмек көмектеспегендіктен, препарат мөлшерін ұлғайтуға мәжбүр болыпты. Ал бұл ағзаға өте қауіпті. Сондықтан пациентке операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалды. Бүгінде өңірде осындай диагнозбен екі мыңнан астам адам есепте тұр.
БАЛХАР ШАТУЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕР-ОРДИНАТОРЫ:
— Бұл стимулятордың арнайы магнитті білезігі бар. Ол әркез науқастың қолында болады. Яғни ұстамасы басталайын деп жатқанын сезсе, оны бірден кеуде тұсына жақындата қояды. Сол кезде ауырсынуы тоқтап, науқастың жағдайы дұрысталады. Талманы тоқтататын құрылғыны балаларға да қоюға болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.