Маңғыстауда бүтін бір отбасы газдан уланып көз жұмды | 03.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ГАЗДАН УЛАНДЫ
Маңғыстау облысында қайғылы жағдай. Бір отбасының 7 мүшесі газдан уланып, қаза тапты. Марқұмның бесеуі – кәмелетке толмаған бала.

ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ ҰСТАЛДЫ
Жабдық құнын 3 есе артық көрсетіп, миллиардтап ақша жымқырған. Сот-сараптама орталығының лауазымды тұлғалары ұсталды. Алматыдан – жер, Астанадан пәтер мен қымбат көлік алған күдіктілер енді сот алдында жауап береді.

ІРІ ҚАРАҒА ҚАУІП
Ақтөбе облысында ірі қараға жұққан қауіпті дертке байланысты шектеу енгізілді. «Эмфизематорлы карбункул» жұқтырған сиыр бір тәулікке жетпей өледі.

АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛДЫ
Шымкентте қар жауып, боран соқты. Ал ақтөбеліктер қалың қардан қарға адым аттай алмай әлек. Наурыз айында ауа райы қалай құбылады? Қазгидромет мәлімдемесі.

ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ
Рухани және тарихи орталық. Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Енді қала қалай түрленіп, қандай құзірет беріледі?
———————————————