Елімізде жасөспірімге зәбір көрсету жиілеген. Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр 225 бала зорлық көрген. Оның дені – жыныстық сипаттағы және баланы азаптау қылмысы. Есесіне, кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік 25% азайды. Мамандардың сөзінше, әлеуметтік желілерде ер мен әйел арасындағы еркін қарым-қатынас туралы ақпараттың ашық көрсетілуі ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатыр.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Ересектер тарапынан әлеуметтік желілерде баланың виртуалды өмірін бақылаудың жеткіліксіздігі – кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуының бір себебі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.