Үйден оқитын балаларға «сабақ бердік» деп заңсыз табыс тапқан мұғалімдер ұсталды

Қызылорда облысында әртүрлі диагнозбен мектепке бара алмайтын балаға «сабақ бердік» деп заңсыз табыс тапқандар ұсталды. Мәселен, №130 орта мектептің мұғалімдері оқушы ауруханада жатса да, оған «57 сағат сабақ бердік» деп жалған мәлімет бергені былай тұрсын, тіпті электронды журналға баға қойыпты. Бұл туралы облыстық білім басқармасының алқа мәжілісінде айтылды. Дәл осындай жалған есеп тапсырған Сырдария ауданындағы 10-ға жуық мектептің былығы ашылды. Талсуат ауылындағы №178 мектептің мұғалімдері түрлі диагнозбен мектепке бара алмайтын 9 балаға сабақ бермеген, оқушының түрін де көрмеген болып шықты. Енді заңсыз кеткен бюджет қаражаты есептеліп, кері қайтару шешіліп жатыр.
———————————————