Дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаштың ісі сотқа жолданды. Тергеу толық аяқталды. Бұл туралы арнамызға берген эксклюзив сұхбатында оның адвокаты Бибінұр Мұратова хабарлады. Енді экс-дипломат Қылмыстық Кодекстің «Азаптау» бабы бойынша сот алдында жауап береді. Күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БИБІНҰР МҰРАТОВА, ҚОРҒАУШЫ:
— Карина Мамашқа қатысты іс сотқа жолданды. Күдіктіге Қылымыстық Кодекстің «Азаптау», яғни 110-бабтың 2-ші тармағы бойынша айып тағылуда. Атаған бап бойынша енді күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.